Қазақстандық лоукостер FlyArystan жаңа халықаралық бағыт – Атырау – Ташкент – Атырау бойынша рейстерге әуебилеттерінің сатылымы ашылғанын хабарлап отыр.
2025 жылғы 15 шілдеден бастап бұл жаңа әуе бағыты Қазақстанның батысын Өзбекстан астанасымен тікелей байланыстырады. Шілде мен тамыз айларында рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қыркүйек және қазан айларында ұшулар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.
Билеттердің бағасы бір бағытқа 34 000 теңгеден басталады. Билет құнына борттағы кездейсоқ орын және 5 килограмға дейінгі (өлшемі 56×23×36 см-ден аспайтын) бір дана қолжүгі кіреді.
Билеттерді FlyArystan мобайл қолданбасы, www.flyarystan.com ресми сайты немесе өзге де қолжетімді арналар арқылы сатып алуға болады.