Басты бет Мәдениет Димаш Құдайберген, Денис Тен, Абай. Алматыдағы муралдарда кім бейнеленген?

Димаш Құдайберген, Денис Тен, Абай. Алматыдағы муралдарда кім бейнеленген?

Фото: Нұрназар Әмзе
Алматы — еліміздегі муралға бай қала. Baribar.kz фототілшісі Нұрназар Әмзе қала қабырғаларына салынған тұлғаларды түгендеп қайтты.

Бүркітші

Бұл — қолына бүркіт ұстап түскен қазақтың суреті. Муралды украин суретшісі Андрей Пальвал 2017 жылы Алматыда өткен Mural Fest аясындағ салған. Граффити Розыбакиев көшесі, 111 мекенжайындағы ғимарат қабырғасына салынған.

мурал, бүркіт
Фото: Нұрназар Әмзе

Андрей негізі портрет пен құстардың бейнесін салады. Ал бұл муралда екі тақырыпты біріктірген екен.

Фото: Нұрназар Әмзе

Зорлыққа қарсы мурал

Ирина Кайратовна тобы тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы науқанды қолдап, клип түсірген еді. Сол клип аясында Алматыда осы мурал салынды. Мұнда қорқып тұрған қазақ қызы бейнеленген. Муралдың бастапқы атауы «Любить, а не бить» («Ұрмау керек, сүю керек») еді, астында еліміздегі танысу сайты Mahabbat.kz атау жазылған.

Фото: Нұрназар Әмзе

Алайда 2025 жылғы сәуірде бұл сөздер өшіріліп, тек әр сөздің соңғы буыны қалған. Сайт әзірше істемей тұр. Мурал 2019 жылы Розыбакиев көшесі, 218 А мекенжайындағы үйдің қабырғасына салынған. Муралдың авторы — режиссер Қуаныш Бейсек, ал муралды Әсел Смақ деген талантты суретші салған.

Фото: Нұрназар Әмзе

Мурал Жандосов көшесі, 34 А деген мекенжайдағы үйдің қабырғасына салынған.

Денис Тен

Фото: Нұрназар Әмзе

Әйгелі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған мурал Құрманғазы көшесі, 54-үйдің артқы қабырғасына салынған. Муралдың бұл мекенжайдағы қабырғаға салынған тегін емес. Спортшыны 2018 жылғы 19 шілдеде Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында өлтіріп кеткен еді.

Фото: Нұрназар Әмзе

Муралда спортшының туған және қайтыс болған жылы жазылған. Бұл маңда Денис Теннің қоладан құйылған мүсіні мен мемориал тақтасы да бар. Жанында мәнерлееп сырғанаушыны еске алуға арналған бұрыш бар. Оған адамдар гүл мен хат тастап жүреді.

Мұқағали Мақатаев

Фото: Нұрназар Әмзе

Ақынның муралы Мақтаев пен Шәріпов көшелерінің қиылысында тұр. Муралды салуға «Қазақфильм» киностудиясы тапсырыс берген. Мұқағал Мақатаевтың суретін Абай Сұлтан мен Нұрболат Аманқұл деген суретшілер салған.

Фото: Нұрназар Әмзе

2021 жылы «Мұқағали» деген фильм шықты. Муралдың оң жағында QR-код бар. Жолдан өтіп бара жатқандар сол кодқа камерасын бағыттаса, фильмнің тизерін көре алады. Граффитиге ақынның «Өмір дегенің бір күндің сәуле екен ғой…» деген сөзі жазылған.

Коронавируспен күрескендер

Бұл — 2020 жылы жарияланған пандемияда халықты коронавирустан айықтыру үшін күрескендерге арналған мурал. Төле би Мен Чокин көшелерінің қиылысындағы ғимараттың қабырғасына салынған.

Фото: Нұрназар Әмзе
Муралдың авторлары — алматылық Джахар Юнусов пен қарағандылық Тамара Елфимова. Суретшілер пандемия кезіндегі бар ауыртпалықты көтеріп тұрған медицина қызметкерін, полицияны және әскериді салған.
Фото: Нұрназар Әмзе

Велошабандоз

Фото: Нұрназар Әмзе

Муралды Төле би көшесі, 125-үйдің қабырғасына REPAS WORKSHOP ұжымы салған.  Граффити 2016 жылғы Mural Fest Almaty аясында жасалған.

Фото: Нұрназар Әмзе

Екі велосипедшінің төбесіндегі — өзіміздің спортшы Александр Винокуров. Екіншісі — Батыс елдерінің бірінде Қазақстанның формасын киген шетел спортшы.

Киберспортқа арналған мурал

Фото: Нұрназар Әмзе

Қазақстанда киберспорт 2018 жылғы 25 маусымнан бері ресми спорт түрі деп жарияланған. Спорттың бұл түрі пайда болғанын көп өтпесе де, жылдам танымал болып кетті. Елімізден шыққан киберспортшылар халықаралық байқауларды жеңіп жүр.

Фото: Нұрназар Әмзе

Кбиерспортшыларымызды қолдау үшін Алматыдағы Repas командасы 2018 жылы осындай мурал салған. Граффити Төле би мен Иұратбаев көшелерінің қиылысындағы ғимараттың қабырғасына, жоғарыдағы «Велошабандоздар» муралына қарама-қарсы салынған.

Димаш Құдайберген

Фото: Нұрназар Әмзе

Әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал Қабайбай батыр мен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы үйдің қабырғасына салынған. Авторы — суретші Батыр Сәдуақасов. Бұл оның сол кездегі алғаш салған муралы еді. Оған дейін комикс, стрит арт, кітаптарға иллюстрация салатын. Муралды демеген — Айбек Барысов.

Фото: Нұрназар Әмзе

2023 жылғы наурызда үйді жөндеп жатқанда муралдың кей жері бүлінген еді. Тұрғындар «муралды өзіміз жөндейміз, тек кедергі келтірмеңіздер» деп қала әкімі Ерболат Досаевқа айтқан болатын.

Абай

Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыда Абайдың бейнесі салынған граффити бірнешеу. Ал бұл мурал Абай даңғылы мен Желтоқсан көшелері қиылысындағы 3 қабатты үйдің қабырғасына салынған.

Фото: Нұрназар Әмзе

Шерлок Холмс

Фото: Нұрназар Әмзе

Бұл — әйгілі детектив кейіпкер Шерлок Холмсқа арналған мурал. Граффити Досмұхамедов көшесі, 31-үйдің қабырғасына салынған.

Шерлок Холмс — жазушы Артур Конан Дойл жасаған әдеби кейіпкер, жеке детектив.

Фото: Нұрназар Әмзе

Шавкат, Бекзат және Геннадий

Фото: Нұрназар Әмзе

Спортшыларға арналған мурал Көктем-1 шағын ауданындағы арнайы орынға салынған. Граффитиде жартылай орта салмақта UFC демеушілігімен өнер көрсететін қазақ аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының алтын медаль иесі, боксшы Бекзат Саттарханов және әйгілі кәсіби боксшы Геннадий Головкин бейнеленген.

Фото: Нұрназар Әмзе

Exit mobile version