Басты бет Жаңалықтар Астанада тоғыз автобустың бағыты уақытша өзгерді

Астанада тоғыз автобустың бағыты уақытша өзгерді

©365info.kz
Астанада № 8, 9, 13, 22, 22А, 40, 55А, 55Б және 72 автобустарының қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС хабарлап отыр.

Өзгерістер жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты енгізілді. Уақытша бағыттар негізгі аялдамалардан барынша аз ауытқу ескеріліп жасалған.

№ 8, 9, 13, 55А, 55Б, 22, 22А, 40, 72 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, — делінген хабарламада.

CTS компаниясы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, ресми ресурстар мен мобайл қолданбадағы жаңартуларды бақылап отыруды сұрайды.

Exit mobile version