Басты бет Жаңалықтар Депутат ұл балаларға да папиллома вирусына қарсы вакцина егуді ұсынды

Депутат ұл балаларға да папиллома вирусына қарсы вакцина егуді ұсынды

Фото: Baq.kz
Депутат Асхат Аймағамбетов ұл балаларға да адамның папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы вакцина егуді ұсынды.

Қазір Қазақстанда қыз балалар бұл екпені тегін ала алады. Бұл — өте маңызды әрі мыңдаған өмірді сақтап қалатын шешім. Енді осы тәжірибені кеңейтіп, ұлдарға да өз қалауы бойынша мүмкіндік беруді ұсындық, — деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша ВПЧ — тек «әйел вирусы» емес. Бұл вирус жатыр мойны қатерлі ісігін ғана емес, жұтқыншақ, ауыз қуысы, тік ішек ісіктеріне де себепші болуы мүмкін.

Көптеген елде ұл балалар да қыздармен бірге вакцина алып жүр. Біз де осы қадамды жасауды ұсынамыз — ерікті, өз қалауы бойынша жасалуға тиіс. Қазір бұл вакцинаны дәріханалардан табу қиын. Сондықтан мемлекет тарапынан оны алу мүмкіндігін жасау — жақсы қадам, — дейді ол.

Ұл балаларды адамның папиллома вирусына қарсы ерікті түрде вакцинациялау бағдарламасына қосу ұсынысы өткен аптада денсаулық сақтау министріне жолданған.

Министрлік бұл ұсынысты қолдайды деп сенеміз. Себебі ұлдар да –қауіп тобында. Олардың денсаулығы да назарда болуға тиіс, — деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

Exit mobile version