Басты бет Жаңалықтар Картоп бағасын өсіргендерге айыппұл салынды

Картоп бағасын өсіргендерге айыппұл салынды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Картопқа сауда үстемесін асырғаны үшін 505 қаулы шығарылды, оның 41-іне айыппұл салынды. Бұл туралы сауда комитеті хабарлап отыр.

Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және сауда үстемелерінің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және өңірлік комиссиялармен өзара іс-қимыл жасауда жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан министрліктің аумақтық департаменттері 1 585 әкімшілік қаулы шығарды, оның 396-сы жалпы сомасы 24 миллион теңге айыппұл, 1 189-ы ескерту, — делінген хабарламада.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабының талаптарын іске асыру шеңберінде (ӘМАТ-қа 15%-тен астам сауда үстемесінің мөлшерін асырғаны үшін) 1 419 қаулы шығарылды, оның ішінде 18,2 миллион теңге сомасына 239 айыппұл салынып, 1 180 ескерту жасалды.

Картоп — әлеуметтік маңызы бар тауарлардың маңызды позициясы. Картопқа сауда үстемесін асырғаны үшін 505 қаулы шығарылды, оның 41—іне айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 2,6 миллион теңгеден асады. Ал 464-іне ескерту жасалды, — делінген хабарламада.

Exit mobile version