Басты бет Жаңалықтар Астана әкімдігі шеруге кіре алмағаны үшін тыл еңбеккерінен кешірім сұрады

Астана әкімдігі шеруге кіре алмағаны үшін тыл еңбеккерінен кешірім сұрады

Фото: Астана әкімдігі
Астана әкімдігі шеруге кіре алмағаны үшін тыл еңбеккері Теңдік Изақовтан кешірім сұрады.

Әкімдіктің мәліметінше, қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, қаланың ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрады.

Іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылды. Орын санының шектелуін, сонымен қатар ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді. Бұл ретте шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысты. Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түскен жоқ. Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның жақындарына туындаған жағдайға байланысты шын жүректен кешірім сұрады, – делінген әкімдік хабарламасында.

Exit mobile version