Басты бет Жаңалықтар БҚО-да Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерудің тікелей көрсетілімі өтті

БҚО-да Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерудің тікелей көрсетілімі өтті

Фото: БҚО әкімдігі
Бүгін Оралдағы «Жайық Арена» спорт кешенінде Астанада ұйымдастырылған Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерудің тікелей эфир көрсетілімін тамашалау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара көрсетілімін тамашалуға 1200 адам жиналды. Шерудің көрсетілімі алдында жергілікті өнерпаздар – DDRECORDS тобының мүшелері арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Олар көрермендерге патриоттық рухтағы әндер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат етіп жатыр.

Бұл бастама – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-патриоттық сана қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Айта кетейік, Отан қорғаушылар күні – ел Тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген ерлердің ерлігіне тағзым ететін ерекше күн. Шерудің тікелей көрсетілімі – осы мерекенің мәні мен маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Exit mobile version