Ұлттық экономика министрлігі мен «Даму» қоры бизнесті жеңілдікпен несиелеудің екі жаңа құралын іске қосты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Енді кез келген шағын не ірі кәсіпкер жеткілікті кепіл болмаса да қаржы ала алады.
Бірінші қолдау құралы құны 7 миллиард теңгеден басталатын ауқымды жобаға есептелген. Екінші қолдау шағын және орта кәсіпорынға жасалады. Құны 7 миллиард теңгеге дейінгі жобаларға тиесілі.
Министрліктің мәліметінше, кепілсіз несиені рәсімдеу уақыты небәрі 2 күн. Қазірдің өзінде 3,3 миллиард теңге көлеміндегі 34 жоба қолдау алды.
2025 жылдың соңына дейін — 10 000 жоба, 2028 жылға дейін — жылына 50 000 бизнеске қолдау көрсетіледі. Жаңа тетіктер — қаржылық инфрақұрылым тұрақты түрде дамып, банктердің тәуекелі азаяды, отандық бизнестің өсу мүмкіндігіне үлес қосылады, — деп жазылған хабарламада.