Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам қатысады. Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сонымен бірге Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери парадқа 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сонымен қатар майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.