Басты бет Жаңалықтар Алматы әуежайына 362 миллион доллар инвестиция тартылады

Алматы әуежайына 362 миллион доллар инвестиция тартылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматы әуежайына 362 миллион доллар жеке инвестиция тартылады. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлап отыр.

Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» меморандумға қол қойды.

Бұл құжат аясында бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастаманы жүзеге асырады:

  • 2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ке өседі;
  • әуежай аумағында әуежай қызметкерлері мен іргелес аудандардың тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады;
  • инвестор биыл әуежайда кемінде 600 қосымша жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді;
  • әуежай аумағында ACI орталығымен (халықаралық әуежайлар кеңесі) аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады;
  • қызметкерлер үшін жеке асхана ашылады.

Биылдан бастап 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды. Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сонымен қатар әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version