Басты бет Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

«Таза Қазақстан»: «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна қоқыс жиналды. Іс-шара Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және оларға іргелес елді мекендерде өтті.

Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлап отыр.

Акция 4 ЕҚТА – «Қарқаралы», «Көкшетау», «Баянауыл», «Ұлытау» ұлттық парктерін қамтыды.

Ұлттық парк қызметкерлері жергілікті тұрғындармен және еріктілермен бірлесіп 12 тоннадан астам қоқыс жинады. Бұл құрғаған бұталар, қыс мезгілінен кейін құлаған ағаштар, тұрмыстық қоқыстар, жапырақтар мен балшық шөгінділері. Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты.

Мұндай акциялар бірегей экожүйелерді сақтауға және ЕҚТА-да қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, «Киелі мекен» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізіліп жатыр. Іс–шаралардың негізгі бағыттары — аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.

Exit mobile version