Басты бет Серіктестік материал ROG Strix SCAR 16/18 — өз класындағы нағыз көшбасшы ноутбук

ROG Strix SCAR 16/18 — өз класындағы нағыз көшбасшы ноутбук

Бақдәулет Жұмахан. Фото: Нұрназар Әмзе
ROG Strix SCAR 16 және 18 – ойын ойнауға ғана емес, AAA деңгейіндегі ең ауыр ойындар мен жобаларды көтеретін, кәсіби рендериң мен күрделі визуалмен айналысатындар үшін шығарылған ең қуатты ноутбуктардың бірі. Қымбат, бірақ өз класының нағыз көшбасшысы. Себебі оған қазіргі нарықтағы ең озық компоненттер орнатылған. Бақдәулет Жұмахан жаңа құрылғыны бірнеше күн қолданып көріп, одан алған әсерін Baribar.kz айтып берді. 

Дизайны мен салмағы

ROG Strix SCAR 16/18 ноутбугын жеңіл деуге келмейді. Алайда күрделі тапсырмаларды орындайтын құрылғы үшін бұл қорқынышты мәселе емес.

Ноутбуктың дизайны қазіргі заманғы технологиялар мен сәнді ескеріп жасалған екен. Құрылғының корпусындағы AniMe Vision анимациялық пикселді жарықтары бірден көзге түседі. Ноутбуктың жан-жағынан, корпусының артынан жанып тұратын ерекше жолақ, ROG логотипі әдемі көрінеді. Мұндай ерекше жарық компьютер клубтарындағы ойын вайбын береді. Бір сөзбен айтқанда, компания ноутбуктың сырт көрінісінен-ақ ойын әлемін барынша сезіндіруге тырысқаны байқалады. Қолданушы бұл жарықты өз бетімен өзгерте де, өшіре де алады. Ноутбуктың дизайны ерекше болғаны соншалық, тек өзіңе ғана арналып жасалғандай.

ROG Strix SCAR 16/18, Asus
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Процессоры, видеокартасы, жады

ААА санатындағы ойындарды ойнауға мүмкіндік беретін құрылғы

ROG Strix SCAR 16 және 18 ноутбуктарының процессоры — Intel® Core™ Ultra 9 275HX. Оператив жады — DDR5-5600 МГц (2 x SO-DIMM) модулінде 64 ГБ-ға дейін. Мұндай құрылғы арқылы ААА санатына жататын “ауыр” әрі жаңа ойындарды кедергісіз ойнауға болады. Мысалы, Cyberpunk 2077, Red Dead Redemption 2, Alan Wake 2 сияқты ойындарды барынша түрде емін-еркін ойнай аласыз. 

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Ал видеокартасы — ноутбуктарға арналған NVIDIA® GeForce RTX™ 5090. Бұл видеокарта Blackwell технология құрылымы, Ray Tracing және DLSS 4 технологиясы бойынша істейді. Ray Tracing RTX 5090 технологиясы жарық эффектін, көлеңкені шынайы етеді. Жасанды интеллект негізінде істейтін DLSS 4 технологиясының арқасында ноутбук бейнені сапалы, анық көрсетеді дейді. Мәселен, KSG ойынын ойнағанымда кейіпкерім тез қозғалып, ойындағы анимация мен эффект, көлеңке жақсы көрінді. 

Графика, рендериң және визуализацияға арналған құрылғы

Жоғарыда айтқанымыздай, ROG Strix SCAR 16/18 видеокартасы – ноутбуктарға арналған NVIDIA® GeForce RTX™ 5090. Мұндай видеокартасы бар құрылғы – кәсіби жұмыс пен ойын үшін жоғары өнімділікті қажет ететін қолданушыларға арналған таптырмас шешім. Бұл ноутбук Blender, Adobe After Effects, DaVinci Resolve сияқты кәсіби бағдарламаларды жүктеп, ауқымды жобалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

Фото: Нұрназар Әмзе

Мысалы, дизайнер  3D жоба жасағанда немесе анимациямен жұмыс істегенде, Ray Tracing технологиясының арқасында жарық, көлеңке мен текстура нақты әрі шынайы көрінеді.

Ал жасанды интеллектке негізделген DLSS 4 технологиясы бейнені, суретті және жобаларды жоғары сапамен жылдам өңдейді. Бұл әсіресе видеоөңдеу, визуализация және медиа саласында көп артықшылық береді. Жалпы байқағанымыз, ноутбуктарға арналған RTX 5090 видеокартасы RTX 30 сериясына қарағанда екі есе өнімді екен. Ал DLSS 4 бұл көрсеткішті алты есе өнімдірек етіп отыр. 

Экраны

Ең әуелі маған экраны ұнады. Біріншіден, ұзақ ойнап отырсам да, көзімді ауыртпады.

Фото: Нұрназар Әмзе

Екіншіден, бұл ноутбуктардың экраны 16 дюйм және 18 дюйм екен, ал жиілігі — 240 Гц және одан жоғары. Бұл реакция мен дәлдік маңызды ойындарда ұтымды. Мәселен, ойында қарсыласыңа қарай кідірмей, жүгіріп, шабуыл жасауға, алыстан жауыңды немесе басқа бір нысананы дәл көздеп атуға мүмкіндік береді. 

Фото: Нұрназар Әмзе

Үшіншіден, бейне өте анық көрінеді екен (2560 x 1600). Тіпті ойын кезінде ұсақ, кішкентай детальды байқап қоюға болады. Мысалы, қарсыласыңның басын, қолын немесе қозғалысын алыстан байқап, бірінші әрекет ете аласың. 

Фото: Нұрназар Әмзе

Төртіншіден, ROG Strix SCAR флагмандық үлгінің бас артықшылықтарының бірі – ROG Nebula HDR дисплейі. Бұл экран мини-жарықдиоды технологиясы арқасында жарық пен контрасты айрықша етеді. Қара түс тұнық әрі қою болып, ашық түстер қанық болып көрінеді. Мұндай дисплей ойын ойнағанда немесе кәсіби визуал жұмыстарда бейнені шынайы етіп те көруге мүмкіндік береді.

Бесіншіден, түс қанық көрінеді. Экранның түс гаммасы 100% болғандықтан, қарсыласың көлеңкеде тығылып тұрса да, оны бірден байқауға көмектеседі.

Желдеткіші

Одан кейін маған желдеткіші қуатты көрінді. Тестілеу кезінде бірнеше сағат ойын ойнасам да, ноутбук қатты қызып кетпеді. Бұл желдеткіші жақсы істеп тұрды деген сөз. 

Фото: Нұрназар Әмзе

ROG Strix SCAR 16 және 18 ноутбуктарының салқындататын қабырғалары булану камерасының астында және үстінде орналасқан екен. Соның арқасында құрылғыдағы ыстық ауа жан-жағынан дер кезінде сыртқа шығады. Оған қоса ноутбуктарға шаң-тозаңнан қорғап тұратын арнайы фильтрлер қойылған. 

Пернетақтасы мен тачпады

Ойын ойнағанда тағы бір мән беретін нәрсе — пернетақтасы мен тачпады. Пернетақтадағы батырмалар оңай әрі дұрыс басылмаса, тачпадың саусағыңды сезбесе, ойыннан ұтылатының сөзсіз. Себебі жүгіріп, атысып ойнайтын ойындарда кейіпкеріңнің өмірі “қыл үстінде” тұрады. Әр секундің, қимылың, атқан оғың маңызды. Дегенмен ROG Strix SCAR 16 және 18 құрылғысының пернетақтасы ыңғайлы болды, ал тачпады сезімтал. Жылдам істеп тұрды. 

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Дыбысы

ROG Strix SCAR 16 және 18 ноутбуктарының Ал Dolby Atmos® технологиясы арқылы жасалған аудиодинамигі “мықты” екен. Музыка тыңдасаң да, ойын кезінде атысқанда, шайқасқанда дыбыс қатты шығып, сол сәтті сезінуге мүмкіндік береді. Біреумен тікелей эфирде сөйлесіп отырып, ойнасаң да, дауыс жақсы естіледі. 

Фото: Нұрназар Әмзе

Қуаттағышы

Одан кейін қуаты ұнады. Ноутбук тез қуатталады, кейін оны ұзақ қолдануға болады екен.

Фото: Нұрназар Әмзе
Фото: Нұрназар Әмзе

Айтпақшы, ROG Strix SCAR 16 және 18 ноутбугының төменгі панелін тартып, оп-оңай ашуға болады. Сөйтіп жедел жады мен қатты диск орнатылған орынға қол жеткізе алады. Мұндай функция ойын ноутбуктарына алғаш рет қосылып отыр.  

Қорытынды: Кімдерге арналған ноутбук?

ROG Strix SCAR 16 және 18 – кәсіби деңгейдегі ойын мен қиын тапсырмаларға арналған нағыз қуат көзі. Оны қолданып көріп, мынадай артықшылығын байқадық:

  • ультимативті қуатты процессор мен кейінгі буын видеокарта;
  • жиілігі жоғары, контраст пен түсті нақты жеткізетін сапалы экран;
  • қуатты желдеткіш;
  • тез толып, күнделікті тапсырмалар үшін жетеді қуат;
  • өзін бірден ерекшелендіретін, сәнді әрі батыл дизайн.

Бұл ноутбукты киберспортпен айналысатын геймерлерге, AAА санатына жататын ойындарды кідіріссіз ойнағысы келетіндерге, видео немесе 3D визуализациямен айналысатын мамандарға және медиа өндірісіндегі күрделі тапсырмаларды орындайтын дизайнерлерге ұсынар едім.

Фото: Нұрназар Әмзе

Exit mobile version