5 мамырдан бастап My Freighter өзбек әуе компаниясы Ташкент-Алматы бағыты бойынша ұша бастайды. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлап отыр.
Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы шығады. Әуе компаниясы Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рет (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушы тасиды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына тағы бір рейс қосылып (жұма күндері), рейс саны аптасына 3 ретке дейін ұлғаяды, — делінген хабарламада.