Басты бет Жаңалықтар БҚО-да «STUD Премия – 2025» фестивалі өтті

БҚО-да «STUD Премия – 2025» фестивалі өтті

Фото: БҚО әкімдігі
Оралда Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жастар Рухы» корпоративтік қоры» қорының ұйымдастыруымен «STUD Премия – 2025» фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – өңір жастарының шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға қолдау көрсету, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жастар арасындағы қоғамдық маңызға ие бастамаларды ынталандыру.

БҚО, премия
Фото: БҚО әкімдігі

Фестиваль аясында «Ең жасы үлкен студент», «Ең алыстан келіп оқитын студент», «Ең арзан буфет», «Блогер студент», «Ең бай студент», «Ең порожняк студент», «Ең қызық оқиға», «Әскерден келген студент», «Дипломы бар студент» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталып, премия тапсырылды.

Фото: БҚО әкімдігі

Фестиваль қорытындысында Жанбота Ешимова (М.Өтемісов атындағы БҚУ), Мирас Қоблан (М.Өтемісов атындағы БҚУ), Мағжан Ғазезов (М.Өтемісов атындағы БҚУ), Гүлнұр Құлжанова (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), Нұрасыл Бердібек (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), Қанат Досмағамбетов (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ), Эльмира Тургалиева (КазИИТУ), Аяжан Есмұратова (КазИИТУ), Данагүл Төлекбаева (БҚИТУ)’ Нәзік Ғазез (БҚИТУ) облыс әкімі Н.Төреғалиевтің атынан алғысхат алды.

Exit mobile version