Басты бет Жаңалықтар Алматыда көлік аударылып, бір адам қаза болды

Алматыда көлік аударылып, бір адам қаза болды

Иллюстрация: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі
Алматыда көлік аударылып, 1 адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасы Алатау ауданында болған. Бұл туралы Алматы ПД хабарлап отыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, 1 мамыр 20:58-де Mercedes көлігін басқарған жүргізуші Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, бағанаға соғылып, кейін аударылып қалған.

Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жолаушысы — 1998 жылғы ер азамат қаза болды. Қазір адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, — делінген хабарламада.

Exit mobile version