Басты бет Жаңалықтар Шарын шатқалында еліктер фототұзаққа түсіп қалды

Шарын шатқалында еліктер фототұзаққа түсіп қалды

Видео скрині
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жабайы табиғатты зерттеп, бақылау үшін орнатылған фототұзаққа еліктер түсіп қалды. Бұл туралы экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлап отыр.

Бұл кадрлар Шарын МҰТП аумағында жабайы жануарлардың еркін және қауіпсіз тіршілік етіп жатқанын көрсетеді. Еліктер — экожүйе тепе-теңдігінің көрсеткіші саналатын сүтқоректілердің бірі. Мұндай бақылау деректері біздің табиғатты қорғау мен зерттеу бағытындағы жұмыстарымыздың нәтижесі, — делінген хабарламада.

Комитет жабайы жануарлардың бақылау жалғаса беретінін жазып отыр.

Exit mobile version