Басты бет Жаңалықтар AIF 2025: Астанадағы халықаралық форумға қандай спикерлер қатысады?

AIF 2025: Астанадағы халықаралық форумға қандай спикерлер қатысады?

Фото: instagram.com/astanaintlforum
2025 жылғы 29-30 мамырда елордада әлемдік көшбасшылардың, сарапшылардың, инвесторлардың және бизнес өкілдерінің басын қосатын аймақтағы ең ірі іскерлік шара – Астана-2025 Халықаралық форумы өтеді.

AIF 2025 форумына қатысатынын растағандардың қатарына жаңа спикерлер қосылды:

  • Masdar компаниясының бас директоры Мұхаммед Жамил Әл-Рамахи,
  • Халықаралық жаңартылатын энергия агенттігінің (IRENA) бас директоры Франческо Ла Камера,
  • Vicat компаниялар тобының төрағасы және бас атқарушы директоры Ги Сидос,
  • Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) президенті Акихико Танака,
  • Солтүстік Македония Республикасының энергетика, тау-кен өнеркәсібі және минералдық шикізат министрі Саня Божиновска,
  • Елші, Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясының төрағасы Кристоф Хойсген, Элькано корольдік институтының директоры Чарльз Пауэлл, Berlin Global Dialogue негізін қалаушы және төрағасы Ларс-Хендрик Рёллер,
  • Еуропа колледжінің ректоры және Еуропалық Одақтың дипломатиялық академиясының директоры Федерика Могерини, Ұлыбритания парламентінің Лордтар палатасының мүшесі Лорд Фрэнсис Моуд,
  • Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа  бойынша вице-президенті Патрик Уоркинг,
  • Солтүстік Македония Республикасының Экономика және еңбек министрі Бесар Дурмиши,
  • Кувейттің Қаржы министрі және Экономика және инвестициялар бойынша министрі Нұра Әл-Фассам,
  • Министр-шетелдегі француз азаматтарының сыртқы сауда және істер жөніндегі делегаты Лоран Сент-Мартен.

Астана-2025 Халықаралық форумы — жаһандық диалог пен өзекті әлемдік проблемаларды талқылауға арналған негізгі алаң.

Exit mobile version