Басты бет Жаңалықтар Елімізде телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Елімізде телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Фото: Dw.com
Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 30 сәуірде телерадио хабарларын таратудың тоқтатылатыны туралы ескертті.

2025 жылғы 30 сәуірде (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіріп, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, — делінген ақпаратта.

Министрліктің мәліметінше, үздіксіз әрі сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Exit mobile version