Басты бет Жаңалықтар 6,2 балл. Жаңа Зеландияда жер сілкінді

6,2 балл. Жаңа Зеландияда жер сілкінді

Фото: BNews.kz
Жаңа Зеландияның батыс жағалауында 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлап отыр.

АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жер сілкінісінің эпицентрі елден батысқа қарай шамамен 286 шақырым (175 миль) жерде болғанын хабарлады.

Жобамен 10 шақырым тереңдікте болған жер сілкінісінің магнитудасы 6,2 деп анықталды.

Бастапқы мәліметтерге қарағанда, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жасалмаған.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Exit mobile version