Басты бет Жаңалықтар Түркия іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

Түркия іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

Фото: Glavk.info
Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлап отыр.

Шетел азаматын желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұстады, — делінген хабарламада.

Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сатамын деп жалған интернет-жарнама жасап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Exit mobile version