Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне құрылыс маусымын ұтымды пайдаланып, кестеден кешігіп жатқан медициналық нысандардың құрылысын жеделдетуді тапсырды.
«Ауылда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық жобасы 650-ден астам ауылдық елді мекенде заманауи медициналық пункттер ашуға мүмкіндік береді. Жетісу, Ұлытау, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында құрылыс қарқыны тым баяу. Мысалы, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында осы күнге дейін алты объект бойынша жобалық құжаттама әзірленбеген. Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында сегіз жоба бойынша мемлекеттік сараптама дайын емес. Өңір әкімдері тарапынан дәл осы жобалау және құрылыс жұмыстарына бақылаудың кемшін болуы ұлттық жобаны іске асыру мерзімдерінің созылып кетуіне алып келеді. Нысандарды уақытылы тапсыру үшін құрылыс маусымын тиімді пайдалану керек, — деді үкімет басшысы.
Олжас Бектенов денсаулық сақтау министрлігіне қалған 188 медициналық нысанды салу жұмысына апта сайын мониториң жүргізіп отыруды тапсырды.