Басты бет Жаңалықтар Білім мен өндірістің тиімді әріптестігі

Білім мен өндірістің тиімді әріптестігі

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Жұмысшы мамандықтар жылының аясында Батыс Қазақстан облысында 2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі мен «Батыс Қазақстан аймақтық желілік компаниясы» ЖШС арасында маңызды келісім жасалды.

Бұл туралы Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің оқу-өндірістік жұмыс бөлімі хабарлап отыр.

Бұл ынтымақтастық — энергетика саласына қажет кәсіби мамандарды бірлесе даярлау, студенттердің тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасуына жол ашу мақсатында қолға алынды.

Колледж — халықаралық талаптарға сай білім беріп келе жатқан алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Оның дәлелі – WorldSkills чемпионаттарында көрсеткен жоғары нәтиже мен 2024 жылғы түлектердің 91% жұмыспен қамтылу көрсеткіші.

Бүгінгі таңда білім мен өндірістің тығыз байланысы — бәсекеге қабілетті, тәжірибесі мол маман қалыптастырудың басты жолы. Ал мұндай серіктестік жастарға нақты мүмкіндік береді.

Exit mobile version