«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 «Орал-Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады, ал қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген. Касса қызметкеріне әйелдер вагонынан орын таңдағыңыз келетінін алдын ала айту қажет. Сонымен қатар билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн рәсімдеу кезінде билеттің әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін «ӘВ» (әйелдер вагоны) белгісіне назар аудару керек, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда бар:
- №77/78 «Алматы — Маңғыстау»;
- №351/352 «Алматы — Маңғыстау»;
- №45/46 «Павлодар — Түркістан»;
- №37/38 «Маңғыстау — Семей»;
- №47/48 «Атырау — Астана»;
- №33/34 «Ақтөбе — Алматы»;
- №4/3 «Астана — Алматы»;
- №71/72 «Астана — Шымкент»;
- №354/353 «Астана — Семей»;
- №24/23 «Ақтөбе — Алматы»;
- №25/26 «Алматы — Шымкент»;
- №614/613 «Орал — Маңғыстау».
Билеттер сатылымы пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда ашылады.