Басты бет Жаңалықтар Түркияның шығыс бөлігінде жер сілкінді

Түркияның шығыс бөлігінде жер сілкінді

Фото: Nzherald.co.nz
Түркияның шығыс бөлігінде 4,9 магнитудалық жер сілкінісі болды. Бұл туралы ресейлік ТАСС хабарлап отыр.

Еуропа-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметтері бойынша, жерасты дүмпуінің ошағы 298 мың халқы бар Элязыг провинциясынан оңүстік-батысқа қарай 44 км қашықтықта жатыр, тереңдігі 10 км.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ.

Exit mobile version