Басты бет Push Кәмелетке толмаған қыздарын Сириядағы лаңкестерге күйеуге бермек болған әйел сотталды

Кәмелетке толмаған қыздарын Сириядағы лаңкестерге күйеуге бермек болған әйел сотталды

Сирияның солтүстік-шығысындағы Әл-Хол лагері. Giuseppe Cacace, AFP
Кәмелетке толмаған қыздарын Сириядағы лаңкестерге күйеуге бермек болған әйел сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлап отыр.

Астаналық әйел Telegram арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдарды таратқан және кәмелетке толмаған 2 қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды көздеген, – деп жазылған хабарламада.

Полиция күдіктіні Алматы әуежайында ұстаған. Ол Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалаған. Әйел сот үкімімен 7 жылға сотталды.

Exit mobile version