Басты бет Push «Руслан Берденовке оқ атты» делінген күдіктінің әкесі пікір білдірді

«Руслан Берденовке оқ атты» делінген күдіктінің әкесі пікір білдірді

Фото: Мәжіліс
«Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атты» делінген күдікті Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев 21 сәуірде болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ата-ана үшін бұл жағдай нағыз ауыр соққы болды. Бүгінге дейін ұлымыз Ернардың осындай қиын жағдайдың ортасында қалғанына сене алмай отырмыз. Осы оқиғаға байланысты шын жүректен өкінішімізді білдіреміз. Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз, – деді ол.

Жиембай Пралиев тергеу әділ жүргізіледі дегенге сенетінін жеткізді.

Exit mobile version