Басты бет Жаңалықтар Тағы бір араб әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Тағы бір араб әуе компаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Фото: depositphotos.com/ brokenrecords
Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің Air Arabia Abu Dhabi жаңа әуе компаниясы кіреді.

Әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына үш рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Exit mobile version