Кейінгі тәулікте 50 адам эксклавтағы Израиль шабуылдарының құрбаны болды. Бұл туралы Анадолы хабарлап отыр.
2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза болған палестиналықтардың саны 51 355 адамға жетті. Тек кейінгі тәуліктің өзінде анклавта 50 адам Израиль шабуылдарының құрбаны болды.
Кейінгі 24 сағат ішінде қаза болған 50 палестиналықтың және жараланған 152 адамның денесі өңірдегі ауруханаларға жеткізілгені айтылды.
2024 жылғы 19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімді 18 наурызда бұзғаннан кейін Израиль армиясы жасаған шабуылдардан қаза тапқандар саны 1978-ге, жараланғандар саны 5 207-ге жеткен.
2023 жылғы 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан жалпы 51 355 палестиналық қаза тауып, 117 248 адам жарақат алған.