Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Фото: Еlements.envato.com
Жамбыл облысы Түрксіб станциясында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

24 сәуірде сағат 05:40-та Түрксіб станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті. Бұл вагондар жеке меншіктің вагондары. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, апат салдарын жою үшін Тараз және Шу станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жедел жіберілген.

Қазіргі уақытта оқиға неден болғаны тексеріліп жатыр.

Exit mobile version