Астанада әл-Фараби көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласында 6 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті. Бұл туралы Астана қалалық ПД хабарлап отыр.
Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Dongfeng маркілі көлік жүргізушісі әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен манвер жасап, 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кеткен, — делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізіліп, онда ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.