Геннадий Головкинді мықты боксшы деп санамаймын — сарапшы Тедди Атлас

Бокс әлемінде белгілі бапкер әрі сарапшы Тедди Атлас Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинді неліктен pound-for-pound бойынша мықты боксшы деп санамайтынын түсіндірді.

©Tofight.ru

Сарапшы GGG-дің супермен емес екенін айтады. Келл Брук пен Дэниел Джейкобс оның әлсіз тұстарын көрсетіп берген.

«Головкин баяулап қалған, 35 жасқа келгенін ескеру керек. Ол маған ұнайды, мықты боксшы, бірақ, ол pound-for-pound бойынша үздік ондыққа кірмейді. Бұл бос сөз емес, мен нақты деректерге сүйеніп айтып отырмын»- дейді Тедди Атлас.

Оның пікірінше, алғашқы ондыққа Ломаченко, Кроуфорд сынды спортшылар кіреді. Олар өздерін дамытып, ілгерлей алғандар.

Сарапшы соңғы екі жылда Головкиннен өсу байқамаған. Оны құбыжық дейтіндермен де келіспейді.

«Ол Еуропадан келген алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын 35-36 жастағы жігіттерді ғана жеңді. Ешкімді де жеңбеді дегенім емес, тек жеңген боксшылары қорқынышты қарсыластар болған жоқ. Мәселен, Ломаченко сияқты денесін жақсы қимылдатса, басқа кемшіліктеріне көз жұмуға болар еді. Бұл адамдарға ұнай қоймас, дегенмен, мен төрешілік тәжірибеме сүйене отырып айтарым осы. Мүмкін уақыт өте ол ондыққа кіретін шығар», — дейді Атлас.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version