Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
- Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +22+24°C, желдің жылдамдығы күндіз 9-14, ал түнде 3-8 м/с-ге жетеді.
- Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +20+22°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ге жетуі мүмкін.
- Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +23+25°C, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.