Басты бет Push Президент Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Президент Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық кітап күнімен құттықтады.

Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.

Бір айта кетерлігі, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда президент Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы тапсырма берген. Осылай, биылдан бастап 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып белгіленді.

Exit mobile version