Бүгіннен бастап Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлап отыр.
Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астананың әуе кеңістігін пайдалануға қысқамерзімді шектеу енгізіледі. Бас себеп – Астана аспанында 7 мамыр болатын әскери парадқа дайындық өтеді.
Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті жолаушылардан әуе компаниясы мен әуежайдан рейс уақытын тексеруді сұрайды:
Air Astana
- Алматы: + 7 (727) 244 44 77
- Астана: + 7 (7172) 58 44 77
- Қосымша телефон: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77
SCAT
- +7 (7252) 99 88 80
Qazaq Air
- +7 (727) 356 14 14
FlyArystan
- +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)
Астана әуежайы
- +7 (7172) 702–999