Атырауда жатақхананың бір бөлігі опырылып кетті. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.
22 сәуірде таңғы сағат 06:00 шамасында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасы ғимаратының ортаңғы бөлігі опырылып түсті, – делінген хабарламада.
5 қабатты ғимарат 1972 жылы салынған. Бұл нысан апатты деп танылып, 2023 жылдан бері ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.