Басты бет Жаңалықтар Темекі шегетіндерді никотин емес, канцерогендер өлтіреді

Темекі шегетіндерді никотин емес, канцерогендер өлтіреді

Фото: Ашық дереккөз
Темекі түтінінде нақты қай зат денсаулық үшін қауіпті екені туралы сұрақ жиі түсініспеушілік тудырады. Әдетте, белсенділер мен саясаткерлер барлық кінәні никотинге аударады. Алайда көп таралған стереотипке қарамастан, ғылыми қауымдастық көптен бері мынадай консенсусқа келген: негізгі қауіпшегу процесінде темекі жанғаннан пайда болатын өнімдерден туындайды.

Америка онкология қоғамының (ACS) мәліметі бойынша, темекі жанғанда шамамен 7000 түрлі химиялық қосылысбөлінеді, оның 70-і ресми түрде канцерогендер, яғни қатерліісікті тудыратын заттар деп танылған. Ең қауіптілерініңарасында бензопирен бар, ол ісіктің пайда болуына ықпалетіп, өкпені, көмей мен өңешті зақымдайды. Сондай-ақбензол қан өндіру жүйесінің ауруларын, оның ішінде лейкоз тудыруы мүмкін. Жану процесінде түзілетін ацетальдегидтыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіріпқана қоймай, басқа заттардың канцерогендік әсерінкүшейтіп, тыныс алу жолдары қатерлі ісігініңықтималдығын арттырады. Формальдегид те айқын уыттыәсер етеді, тыныс алу жолдарын зақымдап, мұрын-жұтқыншақ қатерлі ісігіне шалдығу қаупін арттырады. Мышьяк мен кадмийағза тіндерінде жиналып, ішкіағзаларды біртіндеп зақымдайтын ауыр металдар. Мышьяк өкпе мен тері қатерлі ісігімен байланысты болса, кадмий бүйректерді зақымдап, тыныс алу жолдары ауруларыныңдамуына себепші болады. Гидразин мен никель қаттыканцерогендік әсерге ие болып, өкпе қатерлі ісігінің пайдаболу қаупін айтарлықтай арттырады. Сондай-ақ, адамныңорталық жүйке жүйесіне және жүрек-қан тамырларжүйесіне теріс әсер ететін қорғасын сияқты ауырметалдарды елемеуге болмайды. Темекі түтініндегівинилхлорид, тіпті аз концентрацияда болса да, ісікпроцесінің дамуын күшейтеді, ал органикалық заттардыңжануынан пайда болатын полициклді хош иістікөмірсутектер ең күшті канцерогендердің бірі және өкпеқатерлі ісігіне тікелей себепкер. Радиоактивті полоний-210мен уран-235 элементтері топырақ пен тыңайтқыштардантемекіге түсіп, өкпе қатерлі ісігін тудыру қаупін арттырады. Темекіге тән нитрозаминдер ерекше қауіпті канцерогендерболып танылған және ауыз қуысы, өңеш және өкпе қатерліісігінің даму қаупін арттырады.

Ұлыбритания денсаулық сақтау министрлігі (Public Health England) жасаған есеп бойынша, дәл жану процесінде пайдаболатын заттар қатерлі ісік жасушаларының түзілумеханизмдерін іске қосады. Бұл улы қосылыстар тыныс алужәне жүрек-қан тамырлары жүйелеріне жойқын әсер етіп, өкпе қатерлі ісігі, созылмалы обструктивті өкпе ауруы(СОӨА), инфаркт және инсульт сияқты аурулардыңдамуына себеп болады.

Ал никотиннің өзі шылым шегетіндерді ауруға шалдықтырмайды. Темекі жапырақтарында және кейбір тағам өнімдерінде (баялды, картоп, қызанақ) кездесетін бұл табиғи алкалоид психоактивті зат, ол тәуелділікті қалыптастырады, бірақканцерогендік әсерге ие емес. Басқаша айтқанда, ол әдеттендіреді, бірақ ауыр ауруларды темекі жануынан пайдаболатын улы қосылыстар қоздырады деп мәлімдейді АҚШ Ұлттық қатерлі ісік институтының (NCI) мамандары.

Никотин мен канцерогендердің арасындағы осы айырмашылықты анықтау ғалымдарды зиянды азайтутұжырымдамасын жасауға итермеледі. Оның негізгі идеясыникотиннен бірден бас тарта алмайтын, бірақденсаулығына қауіп-қатерді айтарлықтай азайтқысы келетіншылымқорларға дәстүрлі темекіге қарағанда аз зияндыбаламаларды ұсыну. Мұндай баламалардың ішінде жанупроцесін қажет етпейтін өнімдер бар, сондықтан олартемекі түтінінде болатын канцерогенді заттардың басым бөлігін бөлмейді. Мысалы, никотин пастилкалары, сағыздары, стиктері ағзаға тазартылған никотинді жану процестерінсіз жеткізеді.

Мамандар ерекше назарды темекіні қыздыру жүйелеріне(хиттерлерге) аударады. Темекіні шылым сияқты жақпай, оны шамамен 350 градусқа дейін қыздырады, нәтижесіндетүтіннің орнына аэрозоль түзіледі. Бұл жоғарыда аталғанулы канцерогендердің пайда болуын болдырмайды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, хиттерлер дәстүрлітемекі түтінімен салыстырғанда зиянды заттардыңмөлшерін шамамен 95%-ға төмендетеді. Алайда, темекініқыздыру жүйелері толығымен қауіпсіз емес екенін атапөткен жөн, өйткені олар әлі де ағзаға никотин мен кейбірхимиялық заттарды жеткізеді.

Әрине, ересек шылымқор үшін ең дұрысытемекі мен никотиннің кез келген түрінен толық бас тарту. Бірақ егербұл мүмкін болмаса, денсаулыққа зиянды айтарлықтайазайтатын ғылыми негізделген әдіс ретінде аз зияндыбаламаларға көшкен орынды болады. Сонымен бірге, зиянды азайту тұжырымдамасы аясында кәмелеткетолмағандардың никотинді жеткізудің кез келген көздерінеқол жеткізуін заңды түрде тыйым салудың маңызы зор. Халықаралық ғылыми қауымдастықтың пікірінше, тек темекі тастаудан бас тартқысы келмейтін ересекшылымқорлар ғана аз зиянды өнімдерге және бұлбаламалар туралы ғылыми негізделген ақпаратқа қолжеткізуі тиіс.

Exit mobile version