Алматы қаласы әкімдігінің Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасының қорытындысын жариялады.
Бағдарламаға барлығы 6626 өтінім қабылданып, оның 3412-сіне оң шешім шыққан..
Өтінім бергендер және мақұлданғандар саны
Ең көп өтінім білім беру саласының қызметкерлерінен түскен – 2191 адам. Одан кейінгі орындарда:
- денсаулық сақтау саласы – 1381 өтінім,
- жұмыс істейтін жастар – 881,
- ЖОО мен ғылыми ұйымдар – 635,
- коммуналдық қызметтер – 428,
- мәдениет – 360,
- құқық қорғау органдары – 343,
- әлеуметтік сала – 245,
- спорт – 86,
- журналистика – 76 адам.
3412 адам бағдарлама бойынша оң шешім алды. Салалар бойынша олар төмендегідей бөлінген:
- білім беру – 994 адам,
- денсаулық сақтау – 630,
- жұмыс істейтін жастар – 759,
- республикалық мемлекеттік ұйым қызметкерлері – 249,
- құқық қорғау органдары – 167,
- басқа салалар – 613.
Іріктеуден өткендердің қатарында «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша 759 жалға алушы бар. Оларға «Отбасы банк» АҚ-ға жолдамалар беріліп қойған.
Бағдарламаға өтінім қабылдау 2025 жылдың 14 наурызы мен 26 наурыз аралығында жүрген.