Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі депортациялау туралы шешім шыққан Қазақстан азаматтарын тезірек елге қайтуға шақырды.
АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдіктерді CBP Home мобильді қосымшасын пайдалану арқылы қысқа мерзімде өз еркімен елдеріне қайтуға шақырып жатыр, – делінген хабарламада.
Елшіліктің мәлімдемесіне қарағанда, бұл ұсыныстан бас тартқан азаматтарға бірден депортация қаупі төнеді. Сот шешімін орындамағандарға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.