Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы марафонда екі қатысушы қайтыс болды

Алматыдағы марафонда екі қатысушы қайтыс болды

Фото: Айгүл Хожантаева
Алматыдағы марафонда екі қатысушы қайтыс болды. Бұл туралы Almaty Marathon хабарлап отыр.

Almaty Half Marathon кезінде 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жасар Нұрбол Ахмади деген екі адам қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Екеуі де Алматыдағы марафондардың тұрақты қатысушысы еді, – делінген хабарламада.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Сараптама нәтижесі марқұмдардың туыстарына хабарланады.

Бір айта кетерлігі, бұған дейін Almaty Half Marathon 2025 марафонына әлемнің 40-тан астам елінен 10000 адам қатысатыны хабарланған.

Марафон тұңғыш президент саябағынан басталып, орталық стадионда аяқталды.

Exit mobile version