Басты бет Жаңалықтар Розалинда Шаханова қайтыс болды

Розалинда Шаханова қайтыс болды

Розалинда Шаханова. Фото: QyzPU
Ақын Мұхтар Шахановтың бұрынғы жары, ғалым, педагог Розалинда Шаханова қайтыс болды. Бұл туралы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ректор Гүлмира Қанай, университет ұжымы мен білім алушылары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханованың дүниеден өтуіне байланысты туған туыстары мен жақындарына көңіл айтады, – делінген хабарламада.

Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол 1974 жылы QyzPU-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген. Розалинда Шаханова оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалардың авторы.

Exit mobile version