2025 жылғы 17 сәуірде Оралдағы «Оқушылар үйінде» облыстық «Жастар қалқаны – 2025» пікірсайыс турнирі өтті. Іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған.
Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, «Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?» деген қарар аясында пікір алмасты.
Пікірсайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені «Ақиқат» фракциясы жеңіп алды. «Үздік мақала» номинациясы бойынша Дүйсенғалиев Айдос марапатталса, «Үздік видеоролик» номинациясы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті марапатталды.
Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды турнир.