Басты бет Жаңалықтар 17 сәуірде ауа райы қандай болады?

17 сәуірде ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
17 сәуірде республиканың көп аумағына солтүстік-батыстан жауын-шашын жауады. Қазгидромет күн райы болжамын ұсынып отыр.

17 сәуірде елдің шығысында қатты жауын-шашын болады. Қар жауып, ауа температурасының төмендейді. Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 1-6 градусқа дейін, күндіз 1-8 градусқа дейін төмендейді, — делінген хабарламада.

Елдің оңтүстігіндегі таулы және тау бөктеріндегі аудандарда түнде қар мен жаңбыр аралас жауады. Күндіз жаңбыр жауады, кейде екпіні қатты болады, түнде 3 градусқа дейін аяз болады.

Еліміздің батысында ғана ауа райы негізінен жауын-шашынсыз және ауа температурасы күндіз 17-22 градустан 23-28 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі. Республика бойынша жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Exit mobile version