Басты бет Жаңалықтар 475 адам жауапқа тартылды. Отты рұқсатсыз жаққан адамдардың кесірінен өрт шығып жатыр

475 адам жауапқа тартылды. Отты рұқсатсыз жаққан адамдардың кесірінен өрт шығып жатыр

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Бүгінгі таңда 34 табиғи өрт пен 405 құрғақ өсімдік өрті тіркелді. Негізгі себеп — шөпті рұқсатсыз жағатын және отты абайсыз қолданатын адамдар.

Полиция мен жергілікті атқарушы органдар күнде рейдтер жүргізіп жүр. Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 475 адам әкімшілік жауапқа тартылды, — деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде.

Оның айтуынша, орман алқабы бар өңірлерде ТЖМ әуе кемелері мен табиғат қорғау ведомстволарының кезекшілігі ұйымдастырылды. Пилотсыз ұшу аппараттары қолданылады, құтқарушылар дала мен орманды күн сайын әуеден шолып шығады.

15 сәуірде өткен үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов 9 облыс өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес екенін айтты. Енді өрт қаупі жоғары кезеңде орманда демалуға тыйым салынады.

Exit mobile version