Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Ағабек Артықбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері ©Айгүл
Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 111 ардагері тұрады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде 83 048 ардагер тұрады. Оның ішінде  Ұлы Отан соғысының 111 ардагері, жеңілдік бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер, басқа мемлекет аумағындағы ұрыс-қимылға қатысқан  26 553  ардагер, ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері болған 39 588 ардагер бар, — делінген хабарламада.

Биыл бұл азаматтарға жалпы 4,3 миллиард теңге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленген. 2025 жылы бұл мақсатқа жалпы 17 миллиард теңге қарастырылған.

Exit mobile version