Басты бет Жаңалықтар Алматыда dudeontheguitar-дың алғашқы жеке концерті өтеді

Алматыда dudeontheguitar-дың алғашқы жеке концерті өтеді

Фото: õzen
Алматыда 25 және 26 сәуірде dudeontheguitar-дың концерті өтеді. 

Нұрбек, яғни dudeontheguitar атымен танымал музыкант – буынының ең жарқын әрі шынайы өкілдерінің бірі. Әртіс Сарыағаштан шыққан. Алматының Арбатында ән айта бастап, бүгінде елдегі ең ірі фестивальдердің қатысушысы, мультижанрлық альбомдардың авторына айналды. Солардың ішінде «Дәптер» деген концептуалды альбомы ерекше орын алады. 

Ол қазақ және ағылшын тілдерін, инди-поп пен хип-хопты, фанк пен фолкты, джаз бен соулды керемет үйлестіріп, тыңдарманға буынның үні, көше, жан тыныштығы, түсінікті болуға деген ұмтылысты жеткізеді.  

Кеште dudeontheguitar өзінің бас туындыларын орындайды – алғашқы көше мен үйде жазылған әндерден бастап соңғы релиздеріне дейін.  

Бұл алльбомдардан, жан дүниенің күйінен және шынайы хикаялардан құралған үлкен әрі шыншыл жеке концерт болмақ.  

Сахнаға шығармашылық жолдастары мен серіктестері де шығады. Оларды бірлесе жасаған коллаборация ғана емес, елдің музыка индустриясын дамытуға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Олар: Yenlik, Hey Monro, Jeltoksan, ARO.  

Бұл жай концерт емес, әр адам өзін таба алатын музыкалық саяхат болмақ: лирикадан, ырғақтан және ән мәтінінен. Бұл – өзгеруден қорықпайтын, сөйсте де шынайылығын жоғалтпайтын әртістің тарихы.  

Билетті мына жерден сатып алуға болады. 

Өтетін орны: Кино павильоны, Зенков көшесі, 24  

Уақыты: 25 және 26 сәуір, сағат 19:00  

Exit mobile version