15 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының кеңейтілген кеңесі өтті.
Жиынға облыс әкімі Н.Т.Төреғалиев, этномәдени бірлестіктер басшылары, құрылымдық бөлімшелер мүшелері, БҚО әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.
Іс-шарада «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» аясында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы жетістігі мен нәтижесі сөз болды.
Кеңесте этномәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелердің төрағалары тізімі бекітіліп, өңірлік құрам жаңартылды.
Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІV сессиясына дайындық мәселесі талқыланды.

Кеңес соңында бірқатар белсенді ҚХА мүшесі «Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.