Әуе компанияларының жолаушылар тасымалынан түсетін табысы айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы Data Hub Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі дерегіне сүйеніп, хабарлап отыр.
2025 жылғы наурызда әуе көлігі кәсіпорындары жолаушылардан ұшқаны үшін 60,3 миллярд теңге табыс тапты. Бұл, салыстырмалы бағамен есептегенде, 2024 жылғы наурызбен салыстырғанда 18,4% аз. Мұндай қарқынды құлдырау 2023 жылғы желтоқсаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш болып тұр.
Ал жолаушылар саны 5,2%, яғни 1,1 миллион билет азайған. Жолаушылар айналымы, яғни жолаушылар ұшқан қашықтықты да есепке алатын көрсеткіш — 3,7%, 2,2 миллиард ж-км төмендеген, — делінген хабарламада.