Елімізде үйленетін орташа жас артып келеді. Бұл туралы Экономикалық зерттеу институты хабарлап отыр.
35–44 жас аралығында үйленетін жігіттердің үлесі 2020 жылы 10,9% болса, қазір 14,7%-ке жеткен, ал 45–54 жаста үйленетіндер 5,4%-ке көбейген.
35–44 жас аралығында күйеуге шығатын қалыңдық үлесі 2020 жылы 8,5% болса, қазір 12,3%-ке артқан. 45–54 жас аралығында күйеуге шығатындар 2020 жылға қарағанда 4,4% көбейген.
Алғаш рет некеге тұратындардың орташа жасы да артты: ер адамдар арасында 27,5 жастан 27,9 жасқа, қыздар арасында 24,8 жастан 25,2 жасқа жеткен, — делінген хабарламада.