Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария порталды іске қосты. Бұл туралы Антикор хабарлап отыр.
Портал “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы портал” днп аталады. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарамен кез келген адам таныса алады.
Порталды қолданатындар өзіне қызық, онлайн тестілеу және сертификат алу мүмкіндігі бар оқу курстарын қарай алады.
Әлеуметтану зерттеуіне ерекше көңіл бөлінеді. Сұрақ қоюға да болады. Оның нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түзету және олардың тиімділігін бағалау үшін қолданылады, — делінген хабарламада.
Порталда Transparency International халықаралық ұйымының жыл сайынғы зерттеу нәтижесі және сыбайлас жемқорлықты жүйсіну индексіндегі Қазақстанның позициясы көрсетілген.
Ресурста профилактикалық жұмысты күшейту үшін «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» қамтылған, онда сыбайлас жемқорлық қаупіне шалдыққан лауазым тізімі және мемлекеттік орган мен өңір бойынша сыбайлас жемқорлық қаупінің картасы қамтылған.
Бұл ресурста сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға да мүмкіндік бар.