Басты бет Жаңалықтар 14 сәуірде Атырау, Актөбе қалаларының ауасы ластанады

14 сәуірде Атырау, Актөбе қалаларының ауасы ластанады

Фото: Аnpz.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бүгін екі қаланың ауасы ластанады.

2025 жылғы 14 сәуірде Атырау, Ақтөбе қалаларында ауа ластанып, метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосферадағы ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version